“Туысына да пәтер берген”: Ақтөбеде 15 адамға заңсыз пәтер берген шенеунік сотталды

29.04.2026 21:36 Қарақат АСЫЛОВА
“Туысына да пәтер берген”: Ақтөбеде 15 адамға заңсыз пәтер берген шенеунік сотталды
295
Қызметін теріс пайдаланған басшы 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе қаласында бюджет қаражаты есебінен берілетін тұрғын үйлерді бөлуге қатысты заңсыз әрекет әшкереленді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болды. Тексеру барысында Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жандос Әлімов өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, тұрғын үй кезегінде тұрмаған азаматтарға заңсыз пәтер бөлуді ұйымдастырғаны анықталды.

Жалпы тізімге заңсыз түрде 15 азамат енгізілген, олардың ішінде шенеуніктің туысы да болған. Бұл азаматтарға бастапқыда тұруға жарамсыз тұрғын үйлер беріліп, кейіннен тұрғын үй комиссиясының заңсыз шешімдері арқылы оларды жайлы, жөнделген пәтерлерге ауыстыру жүзеге асырылған.

Тергеу деректеріне сәйкес, берілген пәтерлер кейіннен жекешелендіріліп, сатылып отырған. Прокуратура мұны іс-әрекеттің пайдакүнемдік мақсатта жасалғанын дәлелдейтін негізгі факторлардың бірі деп атады.

Сот үкімімен Жандос Әлімов 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий