"Тым артық емес пе?": Айжұлдыз Адайбековаға жұрт таңданыс білдірді
Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекова Жаңа жыл қарсаңында ерекше стильдегі фотосессиясын жариялап, әлеуметтік желіде қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды Politico.kz
Жарияланған кадрлар көпшіліктің назарын тек фотосессия мәтінімен емес, образдың символикасы мен визуалдық шешімдерімен аудартты.
Желі қолданушыларының бір бөлігі блогердің батыл әрі өзгеше стилін қолдап, оның шығармашылық еркіндігін жоғары бағалады. Олар «Осы қызға қарап өмірге шабытың ашылады», «Біртүрлісің, бірақ соныңмен ұнайсың», «Әр суретің ойландырып жібереді» деген пікірлер қалдырды.
Алайда фотосессия сынсыз қалған жоқ. Кейбір қолданушылар кадрлардағы жекелеген детальдарға назар аударып, «Нанды неге аяқ астына қойып суретке түсті?», «Тым артық кетпеді ме?», «Бұл образдың мағынасы қандай?» деген сауалдар қойды. Тіпті ирония аралас пікірлер де кездесіп, кейбірі «Не шегеді екен? Мен де соны көргім келеді» деп жазған.
Осылайша Айжұлдыз Адайбекова өзіне тән ерекше стилі мен шығармашылық ізденісі арқылы тағы да қоғам назарын өзіне аударып, әлеуметтік желідегі қызу пікірталастың өзегіне айналды.
Соңғы жаңалықтар