Украина Уиткофф ұсынысын қабылдамай, аумақтардан ешқашан бас тартпайтынын мәлімдеді

АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресейдің бейбітшілік орнату ниетін жеткізді, бірақ бұл ұсыныс Украина тарапынан үзілді-кесілді қабылданбады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Politico басылымына сілтеме жасап.
Уиткоффтың мәліметінше, Мәскеу Украинадан бақылауындағы бес облысты беру арқылы соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келуді көздеген.
"Барлық аумақтар Украинаның унитарлық мемлекетіне тиесілі. Сондықтан, тағы да-біздің мемлекетіміздің аумағы туралы Украина халқы ғана айта алады. Біз үшін бұл қызыл сызықтар екенін білесіз – уақытша басып алынған кез – келген аумақты украиндық емес, ресейлік деп тану", - деді Мемлекет басшысы.
"Сондықтан да, тиісті өкілдер өз құзыретінен тыс мәселелерді талқылайды", - деп қосты Владимир Зеленский.
Алайда Украина мұндай ұсынысты қатаң түрде жоққа шығарды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Георгий Тихий ресми брифингте мәлімдеді.
– Украина – халықаралық деңгейде танылған шекаралары бар егеменді ел. Бұл біздің бұлжымас ұстанымымыз және ешқашан өзгермейді. Қанша уақыт өтсе де – ешқашан. Украина сол қалпында халықаралық шекараларымен қалады, – деді ол.
Георгий Тихий Киевтің Мәскеумен кез келген келіссөздегі үш қызыл шегін еске салды:
- Украина оккупацияланған аумақтарды Ресейдің жері деп мойындамайды.
- Өзінің қорғаныс қабілетіне немесе шетелдік көмегіне ешқандай шектеу қоймайды.
- Үшінші елдер Украина қандай одаққа қосылады деген мәселеде вето қою құқығына ие болмайды.
– Бұл – халықаралық құқық шеңберіндегі Украина құқығы, талап емес. Ресей Украинаға шарт қоятын тарап емес. Бұл – агрессия әрекеті. Мұнда агрессор мен құрбан тарап бар. Тараптарды теңестіретін жағдай жоқ, – деп қосты Тихий.
Еске сала кетейік, осы аптада Уиткофф 11 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, Мәскеудің «тұрақты бейбіт келісімге» келуге ұмтылатынын айтқан еді. Оның айтуынша, Ресей бес украиналық аумақты иемдену арқылы келісімге келуді ұсынған. Бұл аумақтардың нақты атауы айтылмады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Уиткофф Ресей ұстанымын Дональд Трамппен жүргізілген келіссөздерде қолдаған.
Киев өз әскерінің қазіргі уақытта бұл аумақтарды әскери жолмен азат етуге шамасы жоқ екенін мойындайды, алайда бұл мақсатқа дипломатиялық жолмен және халықаралық қысым арқылы қол жеткізуді көздеп отыр.
Соңғы жаңалықтар





