Ұлттық атом компаниясы мүгедектер ұйымынан 8,5 млн теңгеге жиһаз сатып алмақ
630
ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ МҮГЕДЕКТЕР ҰЙЫМЫНАН 8,5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖИҺАЗ САТЫП АЛМАҚ
Threads әлеуметтік желісінде тараған скриншоттарға қарағанда, Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін Ұлттық атом компаниясы мүгедектер ұйымынан жалпы сомасы 8 560 000 теңге тұратын жиһаз сатып алуға тапсырыс берген.
Ақпаратқа сәйкес, тапсырыс Түркістан облысы Сауран ауданында тіркелген "Карлито" ЖШС-нан алынбақ. Бұл ұйым мүгедектер қоғамы ретінде тіркелген. Сатып алынатын жиһаз тізіміне:
- Бір жатын бөлме жиынтығы (4,2 млн теңге);
- Екінші жатын бөлме жиынтығы (3,6 млн теңге);
- Қонақ бөлмесіне арналған жиһаз жиынтығы (760 мың теңге) кіреді.
Мемлекеттік сатып алулар порталында тіркелген бұл тапсырыс әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.



Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
10:04
Түркістан облысындағы зауытта танымал спортшы қ...
15.09.2026
09:23
Айжұлдыз Адайбекова жарымен түскен романтикалық...
15.09.2026
09:06
«Шәйіне дәрі қосып»: Қызылордада жаттықтырушы о...
15.09.2026
08:11
ҚҚДИ сауалнамасына қатысқандардың 86,7%-ы Прези...
15.09.2026
07:35
Семейде 15 шақты пышақ жарақатын алған оқушы ам...
15.09.2026
06:43
Ақбаян Мұқанғалиева емдеу орталығынан шыққан со...