«Ұмай» ипотекасына өтініш қабылдау қашан басталатыны белгілі болды
Отбасы банк «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау күнін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бағдарлама аясында бастапқы жарна төмендетіліп отыр.
Бұдан бөлек, басқа жылжымайтын мүліктің болуына шектеу қойылмайды. Өтінімдерді қабылдау 31 тамызда басталады.
«Тұрғын үйді Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға болады және тіркелген мекенжайға қойылатын талап жоқ», - дейді банк мамандары.
Бағдарлама шарты:
- Мөлшерлеме – 14.4% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15.4%-дан бастап 16,4% дейін), одан кейін несие сомасының 50 процентін жинағаннан кейін 3.5% - 5% - ға дейін төмендейді (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 3.6% - дан);
- Бастапқы жарна - 15-20%;
- Несие сомасы - 50 млн теңгеге дейін;
- Мерзімі - 6 айдан 10 жылға дейін.
Баспананы бастапқы немесе қайталама тұрғын үйден алуға болады. Бұдан бөлек, үйді жөндеуге де кредит қарастырылған. Бірақ ең жоғары сомасы 15 млн теңгеден аспайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...
17.10.2026
13:40
Астанада бойжеткеннің бөксесінен ұстап соңынан ...