ҰҚК Абай аудандық соты төрағасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Абай аудандық сотының төрағасы Мұрат Букбаевқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын растады, деп хабарлайды Politico.kz
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті редакциямыз жолдаған сұраққа берген ресми жауабында мәлімдеді.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген комитеттің жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Серік Байғалиев судья Мұрат Букбаев үкімді өзгерту үшін ірі көлемде ақша талап етті деген күдікпен ҰҚК тарапынан тергеліп жатқанын хабарлаған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...