ҰҚК полиция полковнигі Жеңіс Әуелбековті тергеп жатыр
554
Шымкент қаласы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Жеңіс Әуелбековке қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Politico.kz-тің ресми сауалына берген жауабында растады.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген жауапта.
Айта кетейік, бұған дейін бұл оқиға туралы әлеуметтік желіде ақпарат тараған болатын.
Тараған мәліметтерге сәйкес, оны Шымкент қалалық ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері делдал арқылы берілген 100 мың теңге қаражатты алу кезінде қолға түсірген. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл ақша Қытай азаматтарының құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдесу үшін берілген.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
16:44
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтар...
25.09.2026
16:34
Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шекке...
25.09.2026
15:57
Каспийдегі қайғылы оқиға: Данияр Хайрушев турал...
25.09.2026
15:47
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан ...
25.09.2026
15:30
«Әділет» партиясы әскерилердің отбасыларына көм...
25.09.2026
14:34
Каспийде аман қалған үш сарбаздың бірі жағаға ө...