«Үстімнен ауыр жүк түскендей болды»: Нұрсұлтан Жақсыген сотталғаннан кейін экс-жұбайы көз жасына ерік берді

16.09.2026 15:31 Мөлдір ҚАЙНАР
«Үстімнен ауыр жүк түскендей болды»: Нұрсұлтан Жақсыген сотталғаннан кейін экс-жұбайы көз жасына ерік берді
119
Фото: видеодан скриншот

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шыққаннан кейін оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы Instagram желісіндегі Stories бөлімінде әсерлі жазба жариялап, эмоциясын бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша айыпталған экс-күйеуі 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылғаннан соң, жәбірленуші көз жасына ерік беріп, ар-намысы ақталғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Үкім шықты. Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Қазір намысым қорғалып, ақталып шыққаныма қатты қуанып тұрмын. Себебі, өте үлкен жала жабылған болатын. Үстімнен ауыр жүк түскендей болды, жеңілдеп қалдым. Барлықтарыңыздың қолдауларыңызға рақмет», – деді Фариза Алмасқызы.

Еске сала кетейік, актерге желі арқылы жалған мәліметтер таратып, адамның ар-намысына нұқсан келтірді деген айып тағылып, ол сот шешімімен жазасын өтеу үшін тікелей сот залынан қамауға алынған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий