«Ұяты жоқ әйел»: Мақпал Жүнісованың пікірі мен Құралай Нұрқаділованың жауабы желіні шулатты

07.09.2026 09:17 Мөлдір ҚАЙНАР
«Ұяты жоқ әйел»: Мақпал Жүнісованың пікірі мен Құралай Нұрқаділованың жауабы желіні шулатты
954
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Әлеуметтік желіде белгілі әнші Мақпал Жүнісованың марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасы туралы жазған ескі пікірі қайта қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәселенің басы саясаткердің қызы Құралай Нұрқаділованың желіде бөліскен скриншотынан басталды. Онда әнші оқырмандарының біріне жауап бере отырып, марқұмның бірінші жары мен қызына қатысты ауыр сөздер айтқан.

«Зәкең әйелін басқа еркекпен ұстап алған. Көзінің тірісінде басқа байда болды ғой. Ол да қашып құтылды. Қызы да бес байға шықты», — деп жазған Мақпал Жүнісова.

Әншінің бұл сөздері марқұм саясаткердің қызының ашуын туғызды. Құралай Нұрқаділова желіде жауап беріп, өзіне және анасына тіл тигізген әншіні сөкті.

«Тіпті ұяты жоқ ол әйелдің. Үндемей жүруге тырысасың, бірақ бұдан кейін үнсіз қалу мүмкін емес. Анам сонша жыл тіс жармай келді. Оның бұл жазғаны мүлдем дұрыс емес. Ол менімен ойнап жүр, менің мінезімді біледі. Ашуланып кетуім мүмкін, бекер істеді», — деп шүйлікті Құралай Нұрқаділова.

Войдите, чтобы оставить комментарий