Вальс билеген Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасова сынға қалды
1028
Танымал әншілер Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасова Тоқтар Серіковтың 50 жылдық мерейтойында вальс билеп, көпшіліктің назарын өздеріне аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әлеуметтік желіде олардың әңгімелесіп, баяу әуенмен вальс билеп тұрған видеосы тез таралып, қызу талқы тудырды.
Видео жарияланғаннан кейін пікірлер екіге бөлінді. Бір тарап билеуді орынсыз деп санап,
«Біреудің жары мен біреудің күйеуі бірге вальс билеуі дұрыс емес», — деп сын айтты.
Кейбірі отбасы мүшелерінің бұл сәтке қалай қарайтынына күмән келтіріп,
«Сәкеннің жұбайы қайда, Мәдинаның күйеуі қайда екені белгісіз», — деген пікір қалдырды.
Сонымен бірге өнер иелерін жақтап, бұл әрекетте еш оғаштық жоқ екенін айтқандар да көп болды. Олар өз пікірін:
«Олар — өнердегі достар ғана», — деп білдірсе, енді бірі жағдайды жылы қабылдап,
«Билегенінде тұрған не бар, бәлкім болашақта құда да болып қалар, өте жарасымды», — деп жазды.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...