Вице-президент кім болады? – депутат жауап берді
Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ вице-президент лауазымының енгізілуіне қатысты пікір білдіріп, оған қандай талаптар қойылатынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Депутаттың айтуынша, вице-президент жеке мемлекеттік органды басқармайды және Президенттің тапсырмасы бойынша өкілдік функцияларды атқарады.
Үнзила Шапақ вице-президентке қойылатын талаптардың Президентке қойылатын талаптармен ұқсас екенін атап өтті.
«Вице-президент Қазақстан азаматы болуы керек, тумысынан Қазақстанда туған болуы тиіс, соңғы 15 жыл елде тұруы қажет, қазақ тілін еркін меңгеруі және жоғары білімі болуы керек. Бірақ Президент кандидаттарына қойылатын мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл жұмыс істеу талабы вице-президентке қолданылмайды», – деді депутат.
Депутатқа «Әйел адамның вице-президент болуы мүмкін бе» деген сұрақ қойылды. Мәжіліс депутаты Конституцияда жынысына байланысты ешқандай шектеу қарастырылмағанын айтты.
«Конституцияда жынысына немесе әлеуметтік тегіне байланысты кемсітуге жол берілмейді. Сондықтан әйел адамның бұл қызметке тағайындалуына толық мүмкіндік бар. Егер талаптарға сәйкес келсе, билікте жүрген кез келген әйел азаматтың кандидатурасын ұсынуға болады», – деді Үнзила Шапақ.
Соңғы жаңалықтар