«Қыздарым маған көрсетпей жылаған»: Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының шошып қалғанын айтты
1538
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ауырып қалған кезде балалары қорқып қалмасын деп қатты уайымдағанын айтты,-деп хабарлайды politico.kz
Шоу-бизнес өкілі Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, ауруханаға қандай күйде барғанын баяндады.
“Балаларым қорқып қалмасын деп уайымдадым. Таң намазының уақыты еді. Солқылдап тұрған басымды әрең көтердім. Айнаға қарасам, көзім кіртиіп, бетім бозарып тұрды. Әдеттегідей қатты шаршаған болармын. Ұйқының ақысын берсем, жазылармын дедім. Таңғы 9-ды күтіп, жұмысқа хабарластым. Сол күнгі кездесу, түсірілімдердің барлығын кейінге шегеруді тапсырдым да қайта жатып қалдым. Бірақ, ұйықтай алмадым. Қос қолдап басымды құшақтап жата бердім. Балаларым кезек-кезек бөлмеге кіріп, менің күйімнен шошып кетті. Сезім мен Алау маған көрсетпей, бөлмелеріне барып жылап алған. Нарұл үлкен жігіт болып, дәрігер іздеп, дәрі беріп, айналасына хабарласып жатты. Хан жанымнан шықпай қойды. Түн ортасына дейін алыстым. Бас ауырғаны күшейе берді. Шыдай алмай, құрбыма хабарластым. Шыдай алар еместігімді естігенде, 10 минутта келді де, ауруханаға жедел жеткізді. Дәрігерлер бірден жатыңыз деді. Үйдегі балаларым не болады деген оймен, күндізгі стационарда емделемін деп шештім. Бүгін міне бір апта, үй мен аурухананың ортасындамын. Бас ауырғаны сейілер емес. Емделіп жүргеніме балаларым үйренісіп, ақпаратты қабылдай алатындай уақыт болды. Енді ауруханаға жатуға болады. Ана - баланың санасында әлем. Әлем шайқалса оларға не болады? Маған деген жылы тілектеріңізді оқып жатырмын. Алғысым шексіз", - деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
25.08.2026
23:09
Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт ...
25.08.2026
22:38
Тоқаев пен Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлес...
25.08.2026
21:38
Әлем көшбасшылары Тоқаевты Құрылтай сайлауының ...
25.08.2026
20:43
Құрбысы: Күйеуі Мадинаның алтындары мен "айфоны...
25.08.2026
20:36
Астанада декреттегі әйел жалдамалы пәтерден ірі...
25.08.2026
19:45
Мадинаның құрбысы: Енесі «Келін бізге сор болды...