Жахан Отарғалиевтің үшінші әйелі желідегі жазбасымен оқырмандарын алаңдатып қойды
Танымал актер Жахан Отарғалиевтің жұбайы Ақтолқын Сейіт желіде өзін жоғалтып алғанын айтып, алаңдаушылық білдірген оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Осыған дейін Ақтолқын Сейіт әлеуметтік желідегі парақшасында "өзімді біртіндеп құрастырып жатырмын" деп жазба қалдырып, көпшіліктің күдігін оятқан еді. Бұл сөзден кейін желі қолданушылары оның отбасылық жағдайына алаңдап, хаттар жолдай бастаған. Актердің жары оқырман қауымның ыстық ықыласы мен қолдауына алғыс білдіріп, қазір бәрі реттеліп келе жатқанын жеткізді.
"Мені жеке танымасаңыздар да алаңдаушылық білдіргендеріңізге алғыс. Бұл өте бағалы. Мейірімдеріңіз үшін рақмет. Кейде эмоцияларымыз бізден күшті болып кетеді. Маған қалыпқа келу үшін кішкене уақыт керек болды. Қазір барлығы жақсы", – деп жазды Ақтолқын Сейіт.
Айта кетейік, Ақтолқын Сейіт танымал актер Жахан Отарғалиевке екі қызымен тұрмысқа шыққан болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...
16.10.2026
19:11
“Есікті бұғаттап, ұрып жіберді”: Алматыда бойже...
16.10.2026
18:11
Жалған қызметтер мен күмәнді аударымдар: Боқаев...
16.10.2026
18:11
Павлодарда прокуратура қызметкері қағып кеткен ...
16.10.2026
17:42
Еңбек министрінің отбасы қай санатқа жататыны б...