«Жалықтыра бастады»: Айгерім Қалаубаева хит әнін жаңа жылдық стильде ұсынбақ

23.12.2025 15:33 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Жалықтыра бастады»: Айгерім Қалаубаева хит әнін жаңа жылдық стильде ұсынбақ
0
100
Коллаж: Politico.kz

Әнші Айгерім Қалаубаева көпшілікке кеңінен танымал, хитке айналған «Неге жүрек жылайды» әнін жаңа жылдық форматта орындауға дайындалып жатыр. Әлеуметтік желіде тараған дайындық видеосында оның өзгеге ұқсамайтын образы, ерекше стилі мен биі көрермен назарын бірден аударды, деп хабарлайды Politico.kz

Айгерім бұл жолы да тың идеялар мен мерекелік атмосфераны үйлестіріп, жаңа жыл қарсаңында көрерменге ерекше көңіл күй сыйлауды мақсат еткен. Әншінің образы мен сахналық қимылдары көпшілікті таңғалдыруға дайын екені байқалады.

Видеоны жариялаған Айгерім жазбасында: «Ғажайыпты бастай берсек болатын шығар?!» деп, оқырмандарымен мерекелік көңіл күйін бөлісті.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі әншінің дайындығына, шығармашылығына және энергиясына тәнті болып,
«Супер ғой, Айгерім», «Керемет би», «Өте сұлу, қылықты» деп қолдау білдірсе, енді бірі
«Неше жыл билейді?», «Жалықтыра бастады», «Бір күні менің биім демесе болды» деген сын-пікірлерін де жасырмады.

Соған қарамастан, Айгерім Қалаубаеваның жаңа жылдық жобасы желіде қызу талқыланып, көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий