«Жаман атымыз шығып кетті»: Мақпал Жүнісова ел алдында сырын ақтарды
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Қараөзен ауылының 60 жылдық мерейтойына қатысып, көпшілікке әсерлі әні мен ашық әңгімесін арнады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі сахнаға шықпас бұрын көршілес Жалпақтал кентінде тұратын белгілі композитор, мәдениет қайраткері Баян Қабиеваның шаңырағында қонақта болып, жергілікті жұрттың қонақжайлығына ризашылығын білдірді. Концерт кезінде әнші дастарханнан дәм татып, тойып алғанын ерекше атап өтті.
"Тойып алдық дегенге басқа нәрсе деп ойлап қалмаңдар. Тұзымыз жеңіл адамдармыз. Өмір бақи онымен айналыспасақ та, солай атымыз шығып кетті. Біздікінің бәрі көрініп тұрады ғой. Сондықтан мен оған қатты қайғырып жүрген жоқпын. Айтқан адам айта берсін. Өзім аман болсам болды", – деді Мақпал Жүнісова.
Әнші сырттан айтылатын әңгімелерге бас қатырмайтынын, ең бастысы өзінің амандығы мен көрерменнің ықыласы екенін жеткізді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...