Жамбыл облысында алтын өндіретін кәсіпорынға заңсыз кірген ер адам анықталды
Жамбыл облысында алтын өндіретін кәсіпорынға заңсыз кірген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мойынқұм аудандық сотының мәліметінше, азамат К. 2025 жылдың ақпан айында жеке күзет ұйымы бақылауындағы, қауіпті өндірістік объект саналатын алтын өндіруші кәсіпорын аумағына заңсыз кірген.
Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Оның кінәсі хаттама, жеке түсініктемелері, полиция қызметкерлері мен кәсіпорын өкілдерінің баянаттары арқылы дәлелденген.
Сот шешімімен азамат К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қаулы заңды күшіне енді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
11:42
Пашинян неліктен Жапаровты «Қазақстан президент...
20.10.2026
11:33
ҚызПУ студенттерін тегін ыстық тамақтан айыру ұ...
20.10.2026
11:06
«Құпия» қызмет: банкомат танысының қарызын көрс...
20.10.2026
10:58
Шымкентте жігітін пышақтап өлтірген қыз сотталды
20.10.2026
10:44
Ақмола облысында жаңа экопарк ашылды
20.10.2026
10:17
Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы 24 жыл бұрынғы құпи...