Жамбыл облысында жоғалған ер адам бес күннен кейін табылды
Жамбылда із-түзсіз кеткен малшы тірі табылды
Жамбыл облысында бес тәулікке жуық із-түзсіз жоғалған малшы аман-есен табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
42 жастағы ер адам 2 мамыр күні Тәтті ауылынан 40 шақырым қашықтықтағы құмды аумаққа мал жаюға шығып, содан кейін байланысқа шықпай қалған. Осыдан кейін құтқарушылар, полиция қызметкерлері, орман шаруашылығы мамандары мен кинологтар іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Сондай-ақ дрондар мен «Қазавиақұтқару» авиациясы тартылған.
Іздестіру нәтижесінде малшы жоғалған жерден шамамен 35 шақырым қашықтықтағы шаруа қожалығы аумағынан табылды. Оның жоғалып кеткен малы да бірге анықталған.
Дәрігерлердің айтуынша, ер адамға медициналық көмек қажет болмаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.11.2026
21:19
Шымкентте дәмхана келушілері мен күзетшілері жо...
23.11.2026
20:26
Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту үшін э...
23.11.2026
18:30
«31 арна» Нұртілеу Жылқышыбаевты ақпараттық бағ...
23.11.2026
18:21
Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлық...
23.11.2026
18:08
Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды
23.11.2026
17:01
«Студенттерге қысым көрсетіле ме»: Шекеев ҚазҰУ...