Жамбылда малшы иесінің бар малын құмар ойынға тігіп жіберген
Жамбыл облысында бөтеннің мүлкін иемденген ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Тергеу бойынша, сотталушы 2018 жылы жәбірленушімен жазбаша еңбек шартын жасасады. Ер адам 63 бас ірі қара мал және 423 бас қойды бағуға келісім береді.
2024 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың қаңтары аралығында сотталушы бастығының бақылауының жоқтығын пайдаланып, малдарды сатып жібереді. Ал қаражатты өзі иемденіп, құмар ойындарға жұмсаған.
Малшы жәбірленушіге 14,5 млн теңгеден астам сомада материалдық залал келтірілген. Сот шешімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
10:01
«Ішумен өтті»: Төреғали Төреәлі желіде кезекті ...
30.10.2026
09:56
Тіс емдетуге барған үш жасар қыз комаға түсті, ...
30.10.2026
09:37
Алматыда әйелін аяусыз өлтірді деп айыпталған б...
30.10.2026
08:31
«Атыраулық хакер» Дубайға неге тайып тұрды: ол ...
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...