«Ішумен өтті»: Төреғали Төреәлі желіде кезекті шулы жазбасын жариялады

«Ішумен өтті»: Төреғали Төреәлі желіде кезекті шулы жазбасын жариялады
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Threads әлеуметтік желісінде оқырмандардың назарын аударған кезекті жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бұл жолы белгілі ақын Есенқұл Жақыпбектің өлең шумақтарын жариялап, желі қолданушыларын тағы бір мәрте елең еткізді:

«Жастық шақ біздің өтті ішіп,

Жұрт ұқсап жөндеп іше алмай.

Түспейтін көзге көп түсіп,

Түсетін көзге түсе алмай.

Отырмыз енді көт қысып,

Ұшайын десе ұша алмай», — деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін де әншінің «Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді» және «Әуелі төсек тербеледі, сосын бесік тербеледі» деген секілді астарлы әрі даулы жазбалары әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырған еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу