“Жаназада отырғандай”: Ұзатуында ағыл-тегіл жылаған блогер жұртқа жақпай қалды
Желіде атышулы “Қалаулым” бағдарламасының бұрынғы қатысушысы, блогер Ақжарқын Жомартова тойында ағыл-тегіл жылап отырған сәтінің видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Жақында Ақжарқын Жомартова күйеуге шыққан еді, ал тойда түсірілген видео оның жеке парақшасында жарияланды. Видео қазірдің өзінде 2,7 миллион қаралым жинаған.
Блогердің әкесі жарты жыл бұрын өмірден озған. Қызы оның видео қалдырғанын той үстінде білген екен. Кадрларда әкесі “Дос-Мұқасан” әнін қызына арнайды, жүрекжарды тілегін білдіріп, әкелік батасын береді. Сондай-ақ олардың бірге өткізген жылы сәттері бейнеледі.
“Әке. Соңғы видео жайла білмегенмін! Өзімді әрең ұстадым. Сағындым сізді”, – деп жазған ол.
Қыздың әсерге толы реакциясы той қонақтарын ғана емес, желідегі оқырмандардың жүрегін тебірентті. Пікірлерде кейбірі онымен бірге көз жасына ерік бергендерін атап өтіп, жылы лебізі мен қолдау сөздерін қалдырған.
“Басынан өтпегендер түсінбейді. Аллам ұзақ ғұмыр берсін жақындарымызға”, “Не болды сонша жаназада отырғандай ужас! Жасанды көрініп тұр прям жылағаны. Әр нәрсенің өз орны болады ғой мынау тым артық әрі ерсі! Алланың жазғаны оны ұзатуыңда шығарып не керек ой тоба”, “Оны іштегі өксік дейді, қай қыз тойында әкесінің болғанын қаламайды дейсіз?! Жүрек қақ айырылады.”, “Бұл көз жасты тек әкесін қатты жақсы көрген қыздары ғана түсінеді, оңай емес. Бәрібір жылай бересін, сағыныш пен өкініш жылатады бәрібір. Оны тек әкесін жақсы көрген перзент түсінеді” - деді желі қолданушылары
Соңғы жаңалықтар