Жаңажылдық кеште коктейл ішкен ер адамның асқазаны жарылып кетті

26.12.2025 11:18 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Жаңажылдық кеште коктейл ішкен ер адамның асқазаны жарылып кетті
0
159
Фото: видеодан скриншот

Мәскеуде Игра столов атты аспаздық студияда өткен жаңажылдық корпоратив кезінде төтенше жағдай тіркелді. Қонақтардың бірі сұйық азот қосылған коктейльді ішкеннен кейін ауыр халге түсіп, асқазаны жарылған, деп хабарлайды Politico.kz.

Іс-шара барысында бас аспаз қонақтарға арнап крио-шоу ұйымдастырып, коктейль дайындау кезінде сұйық азот пайдаланған. Әдетте бұл зат ингредиенттерді тез мұздату үшін қолданылады және азот толық буланып кеткеннен кейін ғана сусынды ішуге болады.

Алайда студия қызметкері бұл қауіпсіздік талаптарын түсіндірмей, қонақтардың біріне коктейльді бірден ішуді ұсынған.

Іс-шарада түсірілген видеода ер адамның қалың қабырғалы колбадан түтіндеп тұрған сұйықтық құйылған қағаз стақанды қолына алғаны көрінеді.

«Енді не істеу керек?» деген сұрағына кадр сыртындағы адам: «Іше бер» деп жауап берген.
«Сіздермен жұмыс істеу жағымды болды», – деген қонақ сусынды ішіп алады да, сол сәтте-ақ тұншығып, ішін ұстап қалады.

БАҚ мәліметінше, ер адамның асқазаны жарылып кеткен. Ол жедел түрде жансақтау бөліміне жеткізіліп, зақымданған ағзаға шұғыл операция жасалған. Қазіргі уақытта ер адам есін біледі, алайда оның жағдайының қаншалықты ауыр екені нақты айтылмаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий