«Жаның жәннатта болсын»: Әбдірайымовтың батасы сынға қалды

«Жаның жәннатта болсын»: Әбдірайымовтың батасы сынға қалды
Фото: видеодан скриншот/sn.kz

Әзілкеш Уәлибек Әбдірайымовтың той үстінде берген батасы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz.

Желіде жарияланған бейнежазбада «Малой братан» лақап атымен белгілі блогердің әзілкештен бата сұраған сәті көрінеді. Бұл кезде Уәлибек Әбдірайымовтың қасында әріптесі, актер Жүсіп Ақшора да болған. Алайда жиналған жұрт пен оқырмандарға сахна майталманының айтқан сөздері ерсі көрініп, наразылық туғызды.

«Жаның жәннатта болсын. Әй, Андрей, мына қазақтың ортасында абыройың өссін. Әй, жүр. Әумин», – деді әзілкеш.

Кадрларды тамашалаған желі қолданушылары тірі адамға арналған мұндай сөздерді қатаң сынап, пікірлер алаңында түрлі көзқарас білдірді. Оқырмандар арасында тіпті қалжыңның өзінде мұндай сөз айтылмауы тиіс екенін жазып, үлкендердің әрекетіне реніш танытқандар да табылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу