Жарқырайтын сәт туды: Қазақстанда алғаш рет “Миссис Қазақстан 2026” байқауы өтеді

25.12.2025 10:17 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Жарқырайтын сәт туды: Қазақстанда алғаш рет “Миссис Қазақстан 2026” байқауы өтеді
0
55
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Қазақстанда 30 жастан асқан әйелдерге арналған тұңғыш халықаралық “Миссис Қазақстан 2026” байқауы ұйымдастырылмақ. Ел тарихындағы жаңа форматтағы бұл жоба әйелдердің тек сыртқы сұлулығын ғана емес, өмірлік тәжірибесін, даналығын, өзіндік болмысын және ішкі күшін дәріптеуді мақсат етеді, деп хабарлайды Politico.kz

Ауқымды байқау танымал тележүргізуші Аша Матай мен кәсіпкер Жадыра Аханованың жетекшілігімен жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба – аналық мәртебесі бар, өмірден өз орнын тапқан, бірақ әлі де үлкен сахнада жарқырауға дайын әйелдерге арналған ерекше мүмкіндік.

Байқау қатысушылары үшін бұл тек сұлулық сайысы емес, өзін жаңа қырынан таныту, дамуға қадам жасау және халықаралық деңгейде ел намысын қорғау алаңы болмақ. Ұйымдастырушылар жобаны жоғары деңгейде өткізіп, “Миссис Қазақстан” атағын жаңа мағынамен толықтыруды көздеп отыр.

Желі қолданушылары да жаңашыл бастаманы қызу талқылауда. Оқырмандар арасында:


“Бұл жобаға қатысу үшін батылдық пен күш керек”“Бақ шаба ма, баб шаба ма – көрелік”“Нағыз масштабты байқау болайын деп тұр” деген пікірлер жиі кездеседі.

Айта кетейік, “Миссис Қазақстан 2026” байқауы қазақстандық әйелдердің қоғамдағы рөлін жаңа деңгейде көрсетуге бағытталған тың жоба ретінде үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий