Жас мамандар НЗМ барып, тәжірибе алмасты
401
Жүз жас маман “Жас басқарушылар” мектебі аясында өңірдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты.
Мұғалімдерге алдымен мектеп ішін аралатты. Мұнда оқушылардың білімі мен өмірлік дағдысын қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалған. Мектептегі экскурсияны педагог-кураторы Майра Қуанышқызы мен 12-сынып оқушысы жүргізді.
Мұғалімдер тек мектеппен танысқан жоқ. Олар мүмкіндікті пайдаланып, мұғалімдермен пікір алмасып, ата-ана және оқушы арасындағы байланыс, жұмысқа орналасу сынды маңызды сұрақтарын қойды.
Айта кетейік, аталған жоба Маңғыстау облыстық білім басқармасының қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау” орталығымен бірлесе ұйымдастырылды. Оқытуға әр аудан, қаладан келген 100 жас маман қатысқан болатын.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
11:37
Қазақмыс жұмысшылар тұратын корпусты 214 млн те...
14.09.2026
11:32
Павлодарда Ертіс өзенінде қайық аударылып, бір ...
14.09.2026
11:00
«Байтақ» партиясы хатшысының 15 жастағы ұлы әке...
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...