Жас жұбайлар қонақтардың көзінше "неке түнін" өткізді

Әлеуметтік желіде тараған даулы видео қоғамның қызу талқысына түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Stan.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, той үстінде түсірілген видеода жас жұбайларға көпшіліктің көзінше төсек салынып, күйеу жігіттің қалыңдықты көрпеге жатқызған сәті бейнеленген. Видео авторлары бұл жағдай Өзбекстанда, түркімен отбасында орын алғанын айтады. Белгілі болғандай, аталған аймақтағы кейбір салт-дәстүрге сәйкес, қалыңдықтың пәктігіне көз жеткізу маңызды саналады.
Осыған байланысты жас жұбайлардың туыстары бір бөлмеге жиналып, олардың алғашқы түніне куәгер ретінде қатысқан. Желі қолданушыларын таңқалдырғаны – бөлмеде ересектермен қатар балалардың да, видео түсіруші оператордың да болғаны. Бұл жайт интернетте үлкен сынға ұшырап, көпшілік дәстүр мен адам құқығы, жеке өмірге деген құрмет шекарасының бұзылуы туралы мәселе көтеріп отыр.
Мұндай әрекеттер қазіргі қоғамда этика мен моралдық нормалар тұрғысынан алаңдаушылық тудырып, дәстүрдің атын жамылып жасалатын салттардың заңдық және адамгершілік тұрғыда қайта қаралуы қажет екенін көрсетеді. Жекелеген мәдени ерекшеліктер мен тарихи дәстүрлердің бар екенін мойындай отырып, әлеуметтік нормалар мен адам қадір-қасиетіне қайшы келетін әрекеттерге жол берілмеуі тиіс деген пікірлер басым.
Соңғы жаңалықтар





