«Жедел жәрдем» тәулік бойы жұмыс істемейтін болады
Жедел жәрдем бұдан былай барлық пациенттерге тәулік бойы қызмет көрсете алмайды. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында бұйрық жобасында жарияланған
Бүгінгі күні жедел медициналық жәрдем (ЖМК) бөлімшелерінің фельдшерлік және мамандандырылған бригадалары пациенттерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді.
Ендігі кезекте жедел медициналық көмек көрсету қағидаларының жаңа редакциясында шұғыл шақырудың жеделдігінің 4 санаты айқындалады:
1-ші санатына шақыру-шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін, науқастың өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда;
2-ші санатына шақыру-медициналық көмек көрсетусіз өміріне қауіп төну ықтималдығы жоғары болатын жағдайда;
3-ші санатына шақыру-медициналық көмек көрсетусіз науқастың денсаулығына қауіп төнуі ықтималдығы жоғары жағдайда;
4-ші санатындағы шақыру-науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған жағдайда;
Ұсынылған жаңа ережелерге сәйкес, жедел жәрдем 4-ші санаттағы қоңырауларға тәулік бойы емес, кесте бойынша олардың жұмыс уақытында: 08:00 - ден 18:00 - ге дейін-жұмыс күндері, сенбіде-8:00-ден 12:00-ге дейін шығады. Жексенбі-демалыс.
Өзгерістерді жасаушылар инновация қаржыландырудың жетіспеушілігімен байланысты деп мәлімдеді.
Фото: el.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
11:03
«Ұрықтарыңды шашпаңыздар»: Бақыт Тұрман ерлерге...
23.10.2026
10:46
«Құпияны ашатын уақыт келді…»: Димаш Құдайберге...
23.10.2026
10:18
«Мәмілеге келуге болар еді»: Құрылтай депутаты ...
23.10.2026
09:40
14 сарбаздың қазасынан кейін экс-депутат Ринат ...
23.10.2026
09:21
Бибігүл Жексенбай жаңа қызметке тағайындалды
23.10.2026
09:10
«Жаның жәннатта болсын»: Әбдірайымовтың батасы ...