Желтоқсанның ызғарын бірге көрген ерлі-зайыптының суреті көпшілікті тебірентті

16.12.2025 12:14 Арман Ермеков Арман Ермеков
Желтоқсанның ызғарын бірге көрген ерлі-зайыптының суреті көпшілікті тебірентті
0
1477
Фото: threads.com/saiidastagram

Бүгін, Тәуелсіздік күні қарсаңында әлеуметтік желіде ерекше фотосурет тарап, қызу талқыға түсті. Threads желісінің қолданушысы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңда болған ата-анасының жастық шағы мен қазіргі сәтін салыстырып, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Politico.kz.

Желіде saiidastagram нигімен тіркелген қолданушы әкесі Нысанбай Махсатхан мен анасы Құрақбай Клараның мұрағаттық суреттерін жариялады. Фотода ызғарлы желтоқсанда ел намысы үшін алаңға шыққан жалынды жастардың бейнесі және олардың бүгінгі бақытты отбасылық өмірі бейнеленген.

Автор өз жазбасында тарихқа немқұрайлы қарайтын кейбір замандастарына өкпесін білдіріп, тәуелсіздіктің құнын түсіндіруге тырысқан.

«Кейбір адамдар бар екен, әлі күнге дейін «Желтоқсан оқиғасында не бітіріпті сонда? 1986 жылы болып кеткен нәрсе ғой, тәуелсіздігімізді 1991 жылы алған жоқпыз ба?» деп, төл тарихын терең түсінбейтін... Төменде сол Желтоқсан оқиғасында бой көтерген адамдардың қатарында менің әкем мен анамды көрсетіп қойдым. Бұл – тарих. Бұл – менің ата-анамның және солармен бірге шыққан барша халықтың жеңісі. Қазіргі демократиялық, егемен ел болуымыз тікелей осы кісілердің арқасы. Мен олармен мақтанамын», – деп жазды saiidastagram .

View on Threads

Жарияланым астына жиналған оқырман қауым жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік бейбіт күн сыйлаған аға буынға алғыс айтып ұзақ ғұмыр тіледі. Тіпті кейбір пікір қалдырушылар тарихи кадрдан өз жақындарын танып жатты.

Еске салайық, бүгін Қазақстан Тәуелсіздік күнін, егемендіктің 34-ші жылын атап өтуде. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – қазақ тарихындағы ең маңызды әрі қасіретті кезеңдердің бірі. Бұл Кеңес одағының шаңырағын шайқалтып, империяның ыдырауына түрткі болған алғашқы ірі саяси сілкініс еді.

Ресми деректерге сүйенсек, 16-19 желтоқсан аралығындағы көтеріліс кезінде әр ұлт өкілдерінен жалпы саны 2 401 адам ұсталған. Олардың ішінде:

  • 326 адам әкімшілік жазаға тартылды;
  • 99 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталды;
  • 2 адам ату жазасына кесілді;
  • 270 студент оқудан шығарылып, жүздеген жұмысшы мен қызметкер жұмыс орнымен қош айтысты.

Мыңдаған жас қуғын-сүргінге ұшырап, азапталса да, олардың ерлігі мен қайсарлығы бүгінгі азаттықтың іргетасын қалады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий