Жетісу облысындағы алапат өрт: үш бала тірідей жанып кетті
212
25 қыркүйек күні таңертең Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылында қайғылы жағдай болып, жеке тұрғын үйде шыққан өрттен үш бірдей бала мерт болды, деп хабарлайды Politico.kz HALYQSTAN арнасына сілтемемен.
Төтенше оқиға барак үлгісіндегі жеке үйде орын алған. Жалын шыққан сәтте анасы 13 жастағы баласымен бірге сыртқа шығып үлгергенімен, қалған үш сәби отқа оранған үйдің ішінде қалып қойған. Қаза тапқан балалардың бірі небәрі 1 жаста болса, екеуі 6 және 8 жаста болған.
Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар тілсіз жауды сөндіру барысында үш баланың жансыз денесін алып шықты.
Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тиісті тексеру жұмыстарын бастады.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
17:49
"Да вы что?": Қорғаныс министрлігі Қосановтың к...
25.09.2026
17:17
Жетісу облысындағы алапат өрт: үш бала тірідей ...
25.09.2026
16:44
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтар...
25.09.2026
16:34
Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шекке...
25.09.2026
15:57
Каспийдегі қайғылы оқиға: Данияр Хайрушев турал...
25.09.2026
15:47
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан ...