Жүк тиеген трак ЛРТ конструкциясына соғылды: елордада үш адам зардап шекті
290
Астанада жүк тиеген трак ЛРТ конструкциясына соқтығысып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазіргі уақытта зардап шеккен үш адамның жағдайы белгілі болды.
8 тамызға қараған түні жүк тиеген арнайы техниканың жүргізушісі габаритін есептемей, Қабанбай батыр-Ұлы Дала даңғылдарының қиылысындағы LRT құрылымына соғылды.
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметі зардап шеккен үш адамды №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді.
«1995 жылы туған қыз бала оң білегінен жарақат алды. Ал 1994 жылы туған ер адам сол аяғының тобығынан жараланды. Сол сияқты 1998 жылы туған ер адам басынан жараланды. Олардың бәрін травматолог пен нейрохирург қарап, амбулаториялық емделуге жіберді, оларға тиісті ұсыныстар берілді», - деп хабарлады басқарма.
Соңғы жаңалықтар
27.08.2026
13:00
Жаңа Құрылтайға кімдер өтті: толық тізім
27.08.2026
12:54
Шығыс Қазақстанда ер адам өзімен бірге тұратын ...
27.08.2026
12:29
Астанада өзбекстандық профессор тыңшылық жасады...
27.08.2026
12:28
"Анашым, өтінемін, кетпеші!": Анна Данченко ауы...
27.08.2026
11:44
Түркістанда ер адам өгей ұлы мен келінін өлтірд...
27.08.2026
11:39
"Үйіне кіріп, соққыға жыққан": Түркістан облысы...