Жұлдыз Әбдікәрімова: Босанғаннан кейін артық салмақпен ырсылдап, түске дейін ұйықтамаймын
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Жапонияда іссапарда жүр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бесінші сәбиін жақында дүниеге әкелген өнер иесіне желідегі оқырмандар түрлі сұрақ қойған. Көпшілік актрисаның емізулі баласын үйіне тастап, шетелге кетуін талқылаған.
Жұлдыз Әбдікәрімова бұл сауалдарға әлеуметтік желіде жауап берді. Ол Жапонияға арт-менеджмент және продюсерлік мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуге келгенін айтты. Айтуынша, ең кіші сәбиіне әпкесі қарап жатыр.
«Бала босану әр анада «индивидуально». Өйтпе, бүйтпе, кілегеймен шай, қойдың сорпасы, декрет деп жылдарыңызды өткізіп отыра берсеңіз де болады. Бәрі өзіңізге және балаңызға ыңғайлы болуы керек. Артық салмақпен ырсылдап, оны жаңа босандым деп ақтап алып, түске дейін ұйықтап, сәбидің тынысын санап т.б. Бірақ бәріміз олай істеуге міндетті емеспіз ғой. Мен қырық күнде өзімді жинап алуға тырысамын. Менің артық салмағым, депрессиям кімге керек? Мұндай сценарий мен туралы емес, ал сәбидің тамағы мен зәрін уайымдамаңыздар», - деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар