Жұлдыз Әбдікәрімова сән әлеміне қалай келгенін айтты

13.05.2026 14:01 Мөлдір Қайнар
Жұлдыз Әбдікәрімова сән әлеміне қалай келгенін айтты
219
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде сән әлеміне қалай келгені және бұл саланың өзі үшін нені білдіретіні туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайрат Нұртастың жары сәннің өзі үшін бренд пен трендтен әлдеқайда терең ұғым екенін айтты. Оның сөзінше, сән – адамның өзін сөзсіз таныта алу өнері.

“Сән – бренд те, тренд те емес. Бұл – өзіңді сөзсіз таныта алатын өнер”, – деп Коко Шанельдің сөзін келтірді ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова сән индустриясын ерекше мәдениет ретінде қабылдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, подиумдағы модель жай ғана киім көрсетуші емес, дизайнер идеясын жеткізетін адам.

“Подиумдағы образ – сөзсіз жеткізілетін кутюр туындысы”, – деп жазды ол.

Өнер иесі сәнге қызығушылығы жасөспірім кезінен басталғанын айтты. 15 жасында сән журналдарын асыға күтіп, ұнаған образдарды қиып жинайтын болған. Кейін сол киімдерді тігіншілерге тіктіріп, қайталап көруге тырысқанын еске алды.

Сонымен қатар Жұлдыз жас кезінде модель болуды армандағанын да жасырмады. Ол арнайы курстарға қатысып, подиумда жүру мен модельдік шеберлікті меңгерген. Айтуынша, сол тәжірибе кейін өзіне сенімді болуға көмектескен.

Бүгінде ол сән саласында әлі де дамып жүргенін айтты. Алайда өзі үшін ең маңыздысы – атақ немесе мамандық емес, бұл саланың сыйлайтын эмоциясы екенін атап өтті.

Войдите, чтобы оставить комментарий