Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтер дауына нүкте қойылды
Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова пәтерін ала алмай, соттасып жүрген ісін ресми түрде жапты. Бұған дейін ол алаяқтарға алданып, баспанасынан айырылғанын мәлімдеген болатын.
Пәтер дауы қалай басталды?
Актриса Астанадағы коттедж қалашығын болашақта өз үйім деп үміттеніп, жарнамалаған еді. Алайда кейіннен бұл жоба алаяқтық әрекетке байланысты болып шыққанын айтты.
Жұлдыз екі азаматтық сот процесінде жеңілді. Осыдан кейін полицияға арыз жазып, бірнеше баспасөз мәслихаттарын өткізді. Бірақ іс бойынша айтарлықтай өзгеріс болмады.
Медиация арқылы істі жабу туралы шешім қабылданды
Өткен аптада Жұлдыз Әбдікәрімова бұл дауды жабу туралы шешім қабылдады. Медиация шартына сәйкес, ол Диляра мен коттедж қалашығы жайлы барлық жазбаларын өшіруге келісті.
Белгілі журналист Динара Сәтжан бұл жаңалыққа қатысты пікір білдіріп:
"Мен Жұлдызды толық қолдаймын. Бұл істің жабылғанына қуаныштымын", – деді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...