“Жылайтынмын”: Гүлзира Айдарбекова өмірінің қиын кезеңін еске алды

“Жылайтынмын”: Гүлзира Айдарбекова өмірінің қиын кезеңін еске алды
14.03.2025 14:17
0
37
ашық дереккөзден

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Taboo бағдарламасына берген сұхбатында баласының шығармашылық жолының алғашқы кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісті,  деп хабарлайды POLITICO.KZ  Madeniportal.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол Қайраттың продюсері болған алғашқы жылдары қатты қиналғанын, халықтың сын-пікірлеріне төтеп беру оңай болмағанын айтты.

"Басында жылайтынмын. Жүрегім ауыратын. Қаншама шу болды. Қайраттың белгілі себептермен концерт бермегені үшін плакаттарын жыртып, бүкіл жаңалық шулады. Ол кезде ондайды көтере алмайтын кезіміз ғой. Бос тұрған үйге жалғыз өзімді алып барып тасташы деймін. Қазір еркін жауап бере аламыз. Өйткені ыстыққа да, суыққа да көндік. Қазір әр адымыңды аңдап басасың. Барлық жерде телефон, түсіріп алады", – деді Гүлзира Айдарбекова.

Ол Қайраттың әрқашан жанында болып, оған қолдау көрсеткенін атап өтті. Бүгінде халықтың ықыласы мен сын көзқарасына үйренгенін айтып, кез келген жағдайға сабырмен қарайтынын жеткізді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий