Мәдина Сәдуақасова құрбысы Қарақаттың тойына неге бармады?
1058
Әнші Мәдина Сәдуақасова өнердегі жақын құрбысы Қарақат Әбілдинаның күміс тойына бармаған. Оның себебін өзі Instagram-дағы парақшасында түсіндірді.
Бұл ретте желі қолданушылары дүбірлі тойда Мәдина Сәдуақасованың бой көрсетпегенін байқап, оны сұрақтың астына алған. Ал ол мерекелік шараға өзі бара алмаса да Instagram-дағы парақшасында құрбысын құттықтап, ақ тілегін жолдағанын жеткізді. Өйткені күміс той оның Тәжікстанға жұмыс сапарымен тұспа-тұс келіп қалған.
Кеше достарымның күміс тойлары өтті. Бәрімізге үлгі болып жүрген керемет отбасы! Шын жүректен құттықтаймын, жандарым! Екі дүниенің бар бақытын тілеймін! Ерекше жақсы көремін, құрметтеймін, Қыдыр мен Қақатты. Әзірге осындай құттықтау, Тәжікстаннан. Бұйыртса, өзіміз отырып тағы тойлаймыз, - деп жазды Мәдина Сәдуақасова.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
10:37
Алматыда курьер 3 млн теңгеге жуық қымбат гадже...
04.10.2026
09:21
Талдықорғанда әйелін бірнеше сағат ұрып, көршіл...
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...