Олжас Бектенов құтқарушылар мен алдыңғы сап қызметкерлеріне ТЖ жағдайындағы жұмысы үшін алғыс білдірді
0
335
Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов еліміздегі су тасқыны жағдайына қарсы күреске қатысушыларға алғыс айтты.
Үкімет басшысы Қазақстан азаматтарына құтқарушыларға барынша көмек көрсетуге және олардың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырды.
Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, төтенше жағдайлар органдары қызметкерлері мен құтқарушылардың жұмысы өте қиын және қауіп-қатерге толы.
Батыс Қазақстан облысында сержант Батырбек Қапсықов қызметтік міндетін атқару кезінде екі бірдей пышақ жарақатын алған. Қылмыскер ұсталды.
Ақтөбе облысында тасқын жағдайында құтқару қызметтерінің жұмысшылары жүкті әйелді босандырып алды. Олардың іс-әрекетінің арқасында анасы мен жаңа туған егіздер құтқарылды.
Күштік құрылымдардың қызметкерлері мен құтқарушылар шын мәнінде батылдық көрсетуде.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен қазіргідей қиын жағдайда ел тұрғындарына көмек қолын созып жатқан құтқарушыларға, ұшқыштарға, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне және қатардағы еріктілерге алғысымды білдіргім келеді», — деді Олжас Бектенов.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
02.01.2026
22:43
“Ауырдым”: Роза Әлқожа қандай дертке шалдыққаны...
02.01.2026
21:40
Сәкен Майғазиевтің жұбайы мен келіні алғаш рет ...
02.01.2026
20:17
Қайрат Нұртастың концертінде шу шықты
02.01.2026
18:24
“Ерсі”: Қайрат Нұртастың қызы дауға қалды
02.01.2026
17:17
Ақтөбеде өз-өзіне қол жұмсаған әкімнің орнына ж...
02.01.2026
17:02
Жиырма жыл бұрын ұрланған бала өз ата-анасымен ...