«Отыра алмайды, жылап келді»: сотта Гүлмира Сатыбалдының денсаулығы сыр берді
26.08.2024
11:45
0
507
Алматыда Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша жарыссөздер өтіп жатыр. Алайда сотталушының денсаулығына байланысты бүгінгі сот отырысын кейінге шегеруге тура келді.
Айта кетсек, бүгінгі жарыссөзге сотталушылар, сондай-ақ олардың адвокаттары онлайн қосылған. Олар сот залында болған жоқ. Процес бастала салысымен Гүлмира Сатыбалдының денсаулығы сыр бергені белгілі болды.
Бізді қосқан кезде қорғалушымыздың аллергиясы асқынғанын білдік. Оған антигистаминдік дәрілер салынды. Қазір бүйрегі қатты ауырып тұр, оған дәрігер табылмай жатыр. Біз сот отырысына дайынбыз, бірақ қорғалушымыздың жағдайына қараймыз. Сондықтан сот отырысын кейінге қалдыруды сұрайды. Біз процесті созып жатқан жоқпыз, ол шынымен ауырып тұр. Ол отыра алмайды, жылап келді, - деді сотталушының адвокаты.Судья Кәкімжанов ешкім сотталушыны өтірік ауырып тұр деп ойламайтынын атап өтті. Сондықтан сот отырысы 27 тамызға ауыстырылды.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
26.10.2025
18:14
Тоқаев Трампқа хат жолдады
26.10.2025
17:59
Сандуғаш Стамғазиева композитор Алтынбек Қоразб...
26.10.2025
17:14
«Қайрат» екінші жыл қатарынан футболдан Қазақс...
26.10.2025
16:22
«Жұлынбай, ананы сыйласа болды»: Гүлзира Айдарб...
26.10.2025
16:12
Дильназ Ахмадиева: Көп жылдан бергі арманым оры...
26.10.2025
15:24
Ақмола облысында 12 жастағы қызды 56 және 57 жа...