Қапшағай су қоймасы 10 жылда алғаш рет 100 пайыз толды
1590
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 10 жылда алғаш рет 100 пайыз толтырылып, 18 млрд текше метрден аса су жиналды, деп хабарлады politico.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды. Осы көктемде су қоймасына секундына 900 текше метрге дейін су келді. Мамандар мұны Тянь-Шань мұздықтарының еруімен және жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады.
Соңғы рет Қапшағай су қоймасы 2014 жылы 100 пайыз толтырылды. Суару кезеңінің басынан бастап Шеңгелді ауылдық округінің 6 мың гектар егіс алқабына және Ақдала ауылдық округінде 28 мың гектарға су беріледі. Бүгінде аграршылардың сұранысы бойынша секундына 750 текше метр су жіберіледі, - деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Медет Керімжанов.
Қазір Қапшағай су қоймасында 16,2 миллиард текше метр су бар.
Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
20:16
Атырау тұрғындары тағы да «тұншығып» жатыр: Эко...
16.09.2026
19:27
Жомарт Ертаев бостандыққа шықты: ҚАЖ комитеті т...
16.09.2026
19:22
Тарихшы: Ет асу — тек қазақтың ұлттық тағамы емес
16.09.2026
18:59
Адамбай: Америкада полицей көргенде қорықпайсың...
16.09.2026
18:51
“Адам өлтірген жоқ”: Қайрат Нұртастың анасы Нұр...
16.09.2026
18:11
Ақтөбеде ер адам жол-көлік оқиғасынан зардап ше...