Ресей Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісін сырттай 6 жылға соттады
Мәскеу соты Украинаның Қазақстандағы экс-елшісін алты жылға соттады, деп хабарлайды РИА Новости.
Агенттік мәліметінше, Басман соты Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді сырттай алты жылға соттаған. Сот бұрынғы елшіні "ұлтқа және тілге бола өшпенділік пен араздық қоздырғаны үшін" айыпты деп танығаны анықталды.
Резонанс тудырған мәселе Врублевский 2022 жылғы сұхбаты болған. Врублевский 2022 жылғы 21 тамызда Қазақстанда жергілікті блогер Диас Құзайыровқа сұхбат берген. Онда елші Украина әскерінің соғыста ресейлік сарбаздарды өлтіргенін мақұлдаған.
Елшінің "орыс азаматтарды өлтіріп, жою" тақырыбында айтқан сөздері желіге тарап, қоғамда түрлі пікір тудырды.
Ресей сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украинаның дипломатиялық ведомствосына наразылық білдіріп, Қазақстан СІМ "Врублевский кешірім сұрады" деген ақпарат таратты. Артынша 2022 жылы қазан айында Украина президенті Владимир Зеленский Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босатқанын мәлімдеген болатын.
Ресей 2024 жылы Врублевскийдің үстінен қылмыстық іс қозғап, іздеу жариялаған. Ақпанда Ресей украиндық елші Росфинмониторинг Петр Врублевскийді "террористер мен экстремистер" тізіміне енгізді. Ал артынша наурызда Мәскеудің Басман соты оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған.
Фото: kazakhstan.mfa.gov.ua
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...