СҚО-дағы су тасқыны: Сергеев су қоймасы 153% толды
457
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейі әлі жоғарылап жатыр. Бұл туралы СҚО ТЖД Ақпараттық-аналитикалық тобының бас маманы Жазира Қожахметова айтты.
Қазіргі сәтте облыста 2023 үй және 1115 үй маңындағы аумақтарды су басқан. Жолдардың 67 учаскесін су басып, оның 17-і әлі де қауіпті жағдайда тұр.«Облысымыздағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 153% толып, су бөгет шегінен 2 метр 67 см асты. Тәулік ішінде бұл деңгей 8 см төмендесе де, Есіл өзенінде су деңгейі әлі жоғарылауда. Осы орайда өзен жағасының маңында орналасқан Қызылжар ауданының елді мекендері мен Петропавл қаласында үйлерді су басты», - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Жалпы облыс бойынша 10 345 адам, оның ішінде 2328 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Оған қоса, 3530 мал қауіпсіз жерге айдалды.«Негізгі соққы Қызылжар ауданының кенттеріне келді. Сондай-ақ, Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 1 324 үйді су басты. Онда 5072 адам көшірілді», - дейді Ж.Қожахметова.
«731 мыңға жуық текше метр су сорылып, 252 км арық тазаланды, 273 мың қап инерттік материал төселді. 172 шақырымнан астам арналар кеңейтіліп, тереңдетілді. 8 км бөгет салынып, 24 мың метрден астам бөгет нығайтылды. 9 850 тонна инерттік материал шашылды», - деп толықтырды спикер.
Соңғы жаңалықтар
18.03.2026
23:26
Ақтөбеде автобус жүргізушісі жолаушыларды қалағ...
18.03.2026
22:40
Иран көршілес елдердегі мұнай нысандарына әуе ш...
18.03.2026
21:39
Қазақстанда жаңа өтемақы түрі енгізілуі мүмкін
18.03.2026
20:06
136 млн теңгені жымқырған қаржы пирамидасын ұйы...
18.03.2026
18:59
«Мен бұны бейжай қалдырмаймын»: Шенеунік мұғалі...
18.03.2026
18:04
Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл и...