Су тасқыны: республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз шаңырағына оралды
256
Азаматтық қорғау күштері, әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер, белсенділер су тасқынына қарсы және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Атырау облысы ерекше бақылауда тұрғанын айтты.
Осы уақытқа дейін республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған. 6 405 адам әлі эвакуациялау пункттерін паналап отыр.«Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 37 мың қапшық, 685 тонна инертті материал төселді. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 216 мыңнан астам текше метр су сорылды», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
26.05.2026
18:58
Түркістандық фельдшер Ватсапта топ ашқаны үшін ...
26.05.2026
17:46
Шымкентте оқушы сабақ үстінде кәмпитке қақалып ...
26.05.2026
17:23
Теріске шығару!
26.05.2026
17:03
"Қанымызды ішті": Дариға Бадықова оқырмандарына...
26.05.2026
16:11
Қазақстан өңірлері бюджеттен бөлінген 18 млрд т...
26.05.2026
16:08
Қарағандыда студенттерді диплом қорғағаннан кей...