Тұрмыстық зорлық-зомбылық: елімізде жыл сайын 100 мыңнан аса адам зардап шегеді
355
Қазақстанда жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан аса арыз түседі. Бұл туралы Бас прокуратураның ұйымдастыруымен өткен әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау бойынша семинарда айтылды, деп хабарлайды Politico.kz тілшісі Halyq Uni басылымына сілтеме жасап.
Жиынға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, адвокаттық қоғамдастықтың өкілдері және журналистер қатысты.
Талқылау барысында жыл сайын қазақстандық әйелдердің 30 пайызы және балалардың 25 пайызы зорлық-зомбылыққа ұшырайтыны немесе оған куә болатыны айтылды. Сондай-ақ, жыл сайын полицияға отбасылық зорлық-зомбылық фактілері туралы 100 мыңнан астам арыз түседі.
Бұл ретте, әрбір екінші жағдайда жәбірленушілер қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазудан бас тартатыны атап өтілді. Іс-шараға қатысушылар құқықбұзушыларды агрессиядан тек құқықтық тетіктер арқылы тежеуге болмайды деген пікір білдірді.
Бұған қоса, әйелдердің қоғамдағы және отбасындағы орны, сондай-ақ жастар арасында отбасылық құндылықтарды дамыту мәселелері бөлек қарастырылды. Сонымен қатар, алкогольге тәуелділік пен жұмыссыздықты емдеу мәселелері қозғалды.
Жасөспірімдер агрессиясының алдын алу, қорлау, жыныстық зорлық-зомбылықтың кәмелетке толмаған құрбандарын оңалту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинардың қорытындысы бойынша, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа заңды сәтті іске асыру және жетілдіру үшін мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділерінің өзара іс-қимылын күшейту туралы шешім қабылданды.
Фото: istockphoto.com
Соңғы жаңалықтар
01.07.2026
11:39
"Бала Жамбыл" неге жоғалып кетті? Ақын өмірін ө...
01.07.2026
11:23
Алматыдағы ондаған атаусыз көшеге Денис Тен мен...
01.07.2026
10:51
"Ағылшынша сөйлеймін": Ерке Есмахан оқырмандары...
01.07.2026
10:41
Астанада балмұздақ жеген қыз жансақтау бөліміне...
01.07.2026
10:15
Миллиардерлер ауылы: Боранбаев Лондондағы құпия...
01.07.2026
09:55
Назгүл Қарабалина Азамат Сатыбалдымен некесі жә...