"Ұсақ-түйекке мән бермейтін болдым": Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі өмірі туралы айтты
2215
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі бүгінде көп нәрсеге көзқарасы өзгергенін айтты.
Жұлдыз Әбдікәрімова енді ұсақ-түйек мәселелерге мүлдем мән бермейтінін айтты. Бүгінде актрисаның бар уайымы - балаларының болашағы.
"Білесіз бе, осы күнге дейін өмір көп нәрсеге күліп қарауды үйретті. Ығы-жығы, ұсақ-түйекке мән бермейтін болдым. Есесіне мен үшін ең маңыздысы балалардың бүгінгі қызығушылығы мен ертеңгі болашағы. Сол үшін төртеуінің де бар қызыққан саласына шамам жеткенше қолдау білдіріп келе жатырмын", - деп жазды өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.
Қайрат Нұртастың әйелі тұңғышы Сезім мектеп аяқтаған соң, жоғары оқу орындарын зерттеп жүргенін айтты. Әбдікәрімова қызының сапалы білім беретін университетке түскенін қалайды.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
15:57
40 жылға жуық үзілістен кейін Қарағайлыда жаңа ...
17.09.2026
15:54
Тамара Асар: Махаббатымды Құдайдан тілеп, бір ж...
17.09.2026
15:18
Пациентті зағип еткен: Шымкентте заңсыз пластик...
17.09.2026
14:45
Ең төменгі жалақы қашан өзгереді?
17.09.2026
14:31
Түтіннен көрмей қалған: БҚО-да өрт сөндіруші қы...
17.09.2026
13:16
«Патшайым, біз сізге бас иеміз»: Баян Алагөзова...