"Үш рет тұрмыста болдым": Бибігүл Төлегенова жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды
745
Қазақстанның Халық әртісі, эстрада дүлділі Бибігүл Төлегенова алғаш рет жеке өмірі туралы ақтарыла сұқбат беріп, жан сырын ақтарды. Өнер иесі отбасылық бақыт туралы сыр шертті.
Бибігүл Төлегенова Динара Сәтжанға сұқбат беріп, үш рет тұрмыста болғанын айтты. Эстрада жұлдызы үш некесі де сәтсіз болғанын жасырмады.
Әнші махабаттан жолы болмаса да, өнерінің арқасында бақытты екенін жеткізді.
"Әркімнің өз бақыты бар. Біреу жолдасымен бақытты болса, енді бірі өнерімен бақытты. Мен мысалы өнерімнің арқасында бақытқа бөлендім. Сол себепті маған ешбір ер азамат "мен сені көтердім, танымал еттім" деп айта алмайды. Ешкім мен үшін ештеңе істеген де жоқ. Мені бәрі қолданды. Маған ешкім қолдау көрсетпеді. Мен қарсылық танытып үйреніп қалдым. Отбасылық бақыт туралы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым. Үш рет те сәтсіз болды. Маған бір жолы болмайтын ер адамдар жолыға берді. Маған керек емес дедім", - деп ағынан жарылды Бибігүл Төлегенова.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...
04.10.2026
10:37
Алматыда курьер 3 млн теңгеге жуық қымбат гадже...
04.10.2026
09:21
Талдықорғанда әйелін бірнеше сағат ұрып, көршіл...
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...