"Өз-өзімізді алдаймыз": Депутат елдің кедейлік шегін халықаралық стандартқа сәйкестендіруді ұсынды
507
"Қазақстанның ресми мәліметтері бойынша елдегі кедейлердің саны Қазақстан халқының 4,8 пайызын құрайды. Бірақ халықаралық стандарттарға келетін болсақ, Дүниежүзілік банк бүгінгі таңда әрбір адамның кедейлік шегін айына 90 мың теңге деп есептейді. Егер бұл методикамен есептесек, Қазақстан халқының 16 пайызы кедей. Неге біз осы өзіміздің стандарттарымызды халықаралық стандарттарға сәйкес келтірмейміз. Неге біз өзімізді-өзіміз алдаймыз? Осы заң (ред. – "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы) аясында Қазақстанның кедейлік шегін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін қандай қадамдар жасауға болады?", - деп сұрады депутат.Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбавтың сөзінше, қолданыстағы ереже мен әдістемелер Дүниежүзілік банктің өкілдерімен бірге әзірленді.
"Жалпы халықаралық стандарттарға сай келеді. Осындай әдістеме бүкіл ТМД елдерінде қолданылады. Бұл ақпарат дұрыс деп санаймыз", - деп қысқа қайырды спикер.
Соңғы жаңалықтар
16.06.2026
16:22
Павлодарда пауэрбанк жарылып, блогер қыз ауыр к...
16.06.2026
16:09
Шымкентте Еңбек министрлігі департаментінің бас...
16.06.2026
15:28
Батыс Қазақстанда 7 бас дәрігер пара алды деген...
16.06.2026
15:25
Айтыскер ақын жолдасымен бірге жол апатынан көз...
16.06.2026
15:03
ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов жеке компаниясы...
16.06.2026
14:36
Журналист Асылхан Мамашұлы «Әділетке» қосылған ...