Журналисті сотқа берген Баян Мақсатқызы жеңіп шықты
884
Журналист Дана Орманбаева Баян Мақсатқызынан екінші рет жеңіліп қалды.
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында жабық сот отырысында телекоммуникация желілерін пайдалана отырып қорлау (ҚК 131-бабының 2-бөлігі) бойынша айыпталушы Орманбаеваға қатысты қылмыстық ісі қаралды. 2024 жылдың 3 және 6 сәуірінде журналист-блогер Дана Орманбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында продюсер Баян Мақсатқызына қатысты әдепсіз түрде қорлайтын сипаттағы бірқатар жазба жариялаған. Осыған байланысты жәбірленуші ретінде танылған Баян Мақсатқызы жеке айыптау тәртібімен сотқа шағым түсірді. Сотталушының кінәлі әрекеттерді жасауға кінәлі екендігі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен де, сарапшылардың қорытындысымен дәлелденді. Орманбаеваның жазасын жеңілдететін жайт - кішкентай баласының болуы. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар жоқ. Жоғарыда көрсетілгенді ескере отырып, сотталушы кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сот Орманбаевадан моральдық зиянды өтеу ретінде жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге өндірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.Соңғы жаңалықтар
18.09.2026
23:15
Таразда су арнасынан жаңа туған сәбидің денесі ...
18.09.2026
22:21
Иманғали Тасмағамбетовтің әулетіндегі қуаныш ту...
18.09.2026
21:57
Салтанат Байқошқарова: Ауылдағы баласы көп әжен...
18.09.2026
21:48
“Өз өмірін қатерге тікті”: Атырауда мешіт ұстаз...
18.09.2026
21:29
Тамаққа 49 мың құмырсқа қосқан мейрамхана айыпп...
18.09.2026
21:17
"Ағзам сау, бірақ тірі өлікпін". Дана Нұржігіт ...