Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
229
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы таратқан мәліметке сенсек, соңғы 10 айда Қазақстанда 103 мыңнан астам неке тіркелген. Соның 40 мыңы биылғы жылдың үлесіне тиеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, неке саны бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көш бастап тұр.
Сондай-ақ 2023 жылдың шілдесінен бастап елімізде 328 мың шақалақ дүниеге келген.
Айта кетсек, Батыс Қазақстан облысы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы жыл басынан бері 1000-ға жуық неке тіркелді.
«Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Астана, Қарағанды, Алматы және Қостанайда некені салтанатты түрде тіркейді және бұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар баланың тууын салтанатты тіркеуді енгізу ойластырылуда. Қазірдің өзінде туу туралы куәлікті жеткізу және оны ата-анасына тікелей перзентханада табыстау бойынша Астананың медициналық мекемелерімен келіссөз жүргізіліп жатыр. Елордадағы пилоттық жоба сұранысқа ие болған жағдайда жоба ауқымы кеңейеді. 2023 жылғы 1 шілдедеден бастап «Азаматтарға арналған үкіметке» азаматтық хал актілерін тіркеу функциясы берілген болатын» деп хабарлады ведомстводан.
Соңғы жаңалықтар
05.07.2026
16:21
Жезқазғанда былтыр ғана төселген асфальт бір жы...
05.07.2026
15:21
Маңғыстауда Бекет атаға бара жатқанда жоғалған ...
05.07.2026
14:13
Атырауда қала әкімінің міндетін атқарушы 100 мл...
05.07.2026
13:08
Бекет ата мешітіне жолға шыққан бір отбасының ү...
05.07.2026
12:16
Қазақстанның бас мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» ат...
05.07.2026
11:05
Оралда көпқабатты үйдің ауласынан нәрестенің мә...