Қазақстанның бас мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді
1245
Қазақстанның бас республикалық мешітіне ресми түрде «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, жаңа атау ресми қолданысқа енгізілген. Басқарма өкілдері мешіттің ел мұсылмандары үшін маңызды рухани орталық болып қала беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, мешіттің қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға, ізгілік, мейірім және өзара құрмет құндылықтарын дәріптеуге бағытталған қызметін жалғастыратыны айтылды.
Айта кетейік, Астанадағы бұл мешіт 2022 жылдың тамыз айында ашылған. Оның құрылысына бастамашы болған – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінде ол Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі мешіт саналады.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...