Жезқазғанда былтыр ғана төселген асфальт бір жылға жетпей бүлінді
1090
Жезқазған қаласындағы Бауыржан Момышұлы көшесіне былтыр ғана төселген жаңа асфальттың қазіргі жағдайы тұрғындардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жолдың ортасы сөгіліп, асфальттың шұңқырланып, жарамсыз күйге түскені анық көрінеді.
Тұрғындардың айтуынша, қомақты бюджет қаржысына салынған жолдың бір жылға да жетпей бүлінуі құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты күмән туғызады. Олар жауапты мердігерлер мен тиісті мекемелердің жұмысына тексеріс жүргізіп, кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс екенін айтуда.
Қала тұрғындары жергілікті билікті мәселені назардан тыс қалдырмай, жолдың не себепті қысқа уақытта жарамсыз болып қалғанын анықтап, тиісті шара қабылдауға шақырды.
Әзірге аталған жағдайға қатысты жергілікті әкімдік тарапынан ресми түсініктеме жарияланған жоқ.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...