Атырауда қала әкімінің міндетін атқарушы 100 млн теңге парамен ұсталды деген ақпарат тарады

05.07.2026 14:13 Қарақат АСЫЛОВА
Атырауда қала әкімінің міндетін атқарушы 100 млн теңге парамен ұсталды деген ақпарат тарады
327
Фото: Ақ Жайық
Атырауда 100 млн теңге параға қатысты шенеуніктің ұсталғаны хабарланды

Атырауда қала әкімінің міндетін уақытша атқарған Тілек Махуовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz сайты “Kozachkov offside” Telegram арнасына сілтемемен.

Бейресми мәліметке сәйкес, 49 жастағы шенеунік Атырау қаласының кәріз желілерін күрделі жөндеу жобасына өзгеріс енгізуге мүдделі компаниядан 100 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Ақша аталған нысанда қосалқы мердігер ретінде жұмыс істейтін делдал арқылы берілген болуы мүмкін.

Тілек Махуов бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары, одан бұрын құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Қылмыстық іс материалдарында су шаруашылығы саласында жұмыс істейтін ірі мердігер ұйымдардың бірі – «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС басшылығының да аты аталады. Мәлімет бойынша, компания өткен жылы бюджетке 2,5 миллиард теңгеден астам салық төлеген.

Қазіргі таңда істі Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық прокуратурамен бірлесіп тергеп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий