Абай Бегей 9-сынып бітірген қызын алып қашқан жігітке батасын берді

15.08.2024
10:11
0
3697
Танымал әнші Абай Бегей екінші қызын алып қашып кеткендерге батасын беріп, құда атанды, деп хабарлады politico.kz.
Айта кетсек, оның Сымбат есімді қызы өзінің туған жері – Маңғыстау өңіріне келін болып түсіп отыр. Бұл жаңалықты желіге әншінің зайыбы жариялады.
Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір-ақ күн қалғанда, «үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті» деген хабар жетті. Барлығымыз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік. Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды, - дейді Фариза Жұманова.Бұл ретте Абай Бегейдің талабы қандай еді десеңіз, ол «Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей, ешқандай қызымды бермеймін» деген. Содан соң Ақтаудан Алматыға бірден жігіттің ата-анасы, ауыл үлкені барып, әкесінің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұраған.
Әкесі де өз ауылымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойланып, «Келген ел көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен. Қызымның таңдауын құрметтеймін» деп батасын берді, – деп жазды әйелі.Ал желі қолданушылары қазір ол жазбаға түрлі пікір білдіріп жатыр. Соның ішінде «Сымбат биыл ғана 9-сыныпты бітірді ғой, ерте емес пе?», «Тұрмыс құруға ерте емес пе?» деген екі сұрақ бар. Әзірге екеуі де жауапсыз. Фото: Абай Бегейдің Instagram-дағы парақшасынан
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

08.09.2025
17:28
Қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағаттай...

08.09.2025
17:03
Әйгілі әнші The Weeknd Алматыда концерт беруі м...

08.09.2025
16:37
Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Ернар жер қой...

08.09.2025
15:30
Ерейментауда жасөспірім бозкілем үстінде ауыр ж...

08.09.2025
15:12
Тоқаев футбол клубтарын жекешелендіруді тездету...

08.09.2025
14:40
3 миллиард су қағазда ғана: Тоқаевтың сыны неге...